Павлодар облыстық кітапханасының оқырмандары құқықтық ақпаратты «Әділеттен» табады

ПАВЛОДАР. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облыстық кітапханасында құрылған «Әділет» әлеуметтік-құқықтық мәліметтер орталығы өз оқырмандарын құқықтық ақпараттармен қамтамасыз етеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Онда үнемі жаңартылып отыратын қазақ және орыс тілдеріндегі «Параграф» және «Заң» толық мәтінді электрондық құқықтық база жиналған. Ыңғайлы іздестіру жүйесі де жасалған, мәліметтер базасында - қазақстандық заңнамалар мен халықаралық құқық құжаттарының толық жинағы, түрлі анықтағыштар мен сөздіктер жинақталған. «Әділетке» келушілердің негізгі бөлігін ? студенттер, оқытушылар, зейнеткерлер, мамандар, оралмандар және шенеуніктер құрайды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум