Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары аймақтың әлеуметтік дамуына 8,2 млрд. трансферттік теңге бөлді

талқылады, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.
Келіп түскен қаражат Баянауыл аулындағы 110 орындық балабақшаның құрылысына, облыс мектептерінің компьютерлік паркін жаңартуға, Павлодар мен Екібастұзда 500 орынға арналған екі емхананы салуға, асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға және аудандардағы сумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысына жұмсалады.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қосымша 2,2 млрд. теңге, «Жұмыспен қамту-2020» - 1,3 млрд. теңге жіберіледі.
Депутаттар Е.Арынның облыс әкімінің гранты бойынша білім алып, үздік оқитын және тұрмысы нашар отбасылардан шыққан студенттердің шәкіртақысын көбейту бастамасын қолдады. Оған облыстық бюджеттің жобасында 61,4 млн. теңге қарастырылған. Тағы 35 млн. теңге жетім, мүгедек және тұрмысы нашар отбасылардан шыққан оқушылар мен студенттердің қалалық көлікпен жүруі үшін бөлінеді.