Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары жасырын жұмыссыздық проблемасын талқылады

ПАВЛОДАР. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облыстық мәслихатының ұйытқы болуымен еңбек нарығына жасалған әлеуметтік зерттеу аяқталды.
None
None

«Оның қорытындысы бойынша, жасырын жұмыссыздық проблемасы біздің өңір үшін де өзекті екені анықталды. Сауалнамаға қатысқандардың ширек бөлігінің - 24,7 пайызының - тұрақты жалақысы бар орнықты жұмысы жоқ болып шықты, бірақ респонденттердің тек 3,5 пайызы ғана өздерін жұмыссыздар қатарына жатқызады екен», деп хабарлады облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Ерлан Арын.

Павлодарда сауалнамаға қатысқандардың 18,5 пайызының тұрақты жұмысы болмаса, Екібастұзда респонденттердің -29 пайызының, Ақсуда - 37,3 пайызының тұрақты жұмысы жоқ екен.

Олардың 31 пайызы, тұрақты жұмыстың жоқ болуына жоғары оқу орнында немесе колледжде оқитындары себеп екенін айтса, 13,1 пайызы - төмен жалақыға жұмыс істегілері келмейтіндерін алға тартқан. Ал 10 пайызы мамандықтары маусымдық жұмысқа байланысты екенін айтса, 7 пайызы - қысқартудан кейін жұмыс таба алмай жүргендерін айтқан. Сауалнамаға жауап бергендердің тағы 7 пайызы - желілік маркетингпен айналысатын болып шыққан, ал тағы 2 пайызының пікірінше, оларды тұрақты жұмыстарға негізсіз қабылдамай отырған көрінеді. Респонденттердің келесі 3 пайызы мүлдем жұмыс істегілері келмейтіндіктен, жұмыссыз екендерін айтқан.

Соңғы жаңалықтар