Павлодар облыстық радиосының «Украинська родына» бағдарламасы 15 жылдығын атап өтті
Ай сайын шығатын радиожурналда Павлодардың Ертіс жағалауын мекен ететін украиндардың өмірі және тарихи отандарының жаңалықтары беріледі. Бағдарламада сондай-ақ, ұлттық музыка мен әндер орындалады, халық мерекелерінің тарихы және украин мәдениетінің Т.Шевченко атындағы облыстық серіктестігінің жұмысы туралы әңгімеленеді.
«Украинська родына» бағдарламасының жүргізушілері - Антонина және Петр Маслий. «Тыңдармандар біздерге өз ұсыныстарын жолдайды, талқылауға тақырыптар ұсынады, алғыстарын білдіріп жатады. Ал бағдарламаның техникалық жағы бойынша Павлодар радиосының қызметкерлері көмектесуде», дейді бағдарлама авторы, облыстық серіктестіктің төрағасы Михаил Парипса.