Павлодар облысы әкімдігінің екі басқармасында жаңа басшы тағайындалды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін аппарат мәжілісінде Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев облыстық басқармалардың екі жаңа басшысын таныстырды.
None
None

Облыс басшысының өкімімен кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы болып Александр Бабенко тағайындалды.

Ол Павлодар облысының тумасы, білімі жоғары, Қарағанды КСРО ІІМ Жоғары мектебін және Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Халықтық шаруашылық академиясын тәмамдаған.

Ол еңбек қызметін ҚР ІІМ қызметінен бастады. 20 жылдан астам кәсіпкерлік және бизнес саласында еңбек етті. А. Бабенко - Инновациялық Еуразиялық университеттің «Менеджмент» кафедрасының профессоры. Тағайындауға дейін облыстың кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысы орынбасарының лауазымын атқарған.

Облыс әкімі жаңа басшыға қолайлы бизнес-климат, құруды, шағын және орта бизнеске инвестиция тартуды, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру тиімділігін арттыруды тапсырды.

Өңір басшысының өкімі бойынша сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып Андрей Балашев тағайындалды. Бұдан бұрын ол Павлодар қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімін басқарған.

А. Балашев 1981 жылы туылған. Павлодар облысының тумасы, білімі жоғары, 2003 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін үздік аяқтаған.

Еңбек жолын «Архпроект-Т» ЖШС-да жоабалушы болып бастады. Содан кейін облыстың сәулет және қала құрылысы басқармасы бөлімінің бас маманы, бастығы, Павлодар қаласының бас сәулетшісі міндеттерін атқарды. Өңір басшысы жаңа басқарма басшысының алдына бас жоспарларға сәйкес елді мекендердің аумаын кешенді және жоспарлы дамытуды, сондай-ақ кешенді құрылыстар мен дамалыс аймақтарын салуды, туризмді қамтамасыз ету міндеттерін қойды.

Қанат Бозымбаевтың өкімімен бүгін сондай-ақ облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Ағыбай Әмрин тағайындалды, ол бұдан бұрын обылс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.

Соңғы жаңалықтар