16:16, 20 Шілде 2015 | GMT +5
Павлодар облысы әкімінің бұрынғы орынбасары мен экс-кеңесшісіне қатысты үкімді апелляциялық сот өзгеріссіз қалдырды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Апелляциялық сот Павлодар облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Төлеген Бастенов пен әкімнің бұрынғы орынбасары Арслан Әбдіқалықовқа қатысты ағымдағы жылдың 16 сәуірінде шыққан сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз хатшысы Рауан Бейілғожин хабарлады.
Еске сала кетейік, Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарып, ірі көлемде пара алғандары және алаяқтықпен айналысқандары үшін Әбдіқалықовты 5 жылға, Бастеновты 3,6 жылға бостандығынан айырған болатын. Үкімге сәйкес олар жазасын жалпы режімдегі түрмеде өтейді.
«Судья Бердіғұл Тыштыбаев үкімді өзгеріссіз қалдырды», - деді Р. Бейілғожин.
Істегі өзге тұлғаларға қатысты үкім де өзгеріссіз қалды. Осылайша құрылыс фирмасының бастығы, Семей қаласының кәсіпкері мен павлодарлық бизнесмен жалпы сомасы 130 млн. теңгені құрайтын айыппұл төлеуге мәжбүрленді.