16:09, 02 Мамыр 2020 | GMT +5
Павлодар облысы әкімінің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кеңесшісі тағайындалды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат — Бұл қызметке журналист және «Ertis – adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің басшысы Ризабек Исабеков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ertis – adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ризабек Исабеков Павлодар облысы әкімінің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметін қоса атқарады», - деп хабарлады жобалық кеңсе қызметі.
Еске сала кетсек, Р. Исабеков бұрын Павлодар облысы әкімдігінің, «Павлодарэнерго» АҚ мен «Ертіс» футбол клубының баспасөз қызметінде, сонымен қатар жергілікті және республикалық БАҚ-та жұмыс істеген.
«Ertis – adaldyq alańy» жобалық кеңсесі тұрмыстық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, азаматтарға қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылау мәселелерімен айналысады», - деп түсіндірді жобалық кеңсе өкілі.