Павлодар облысы ауылдарының бірінде 17 жасар қыз зорлық құрбаны болды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қашыр ауданының полицейлері қыз зорлауға күдікті 25 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлады Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметі.
None
None

Жас жігіт 17 жасар қызды зорлауға күдіктелуде. Қылмыс Ертіс өзенінің жағасында 6 шілде күні түнде болған.

Тергеудің анықтағанындай, зардап шегуші түнде ауыл ішінде келе жатып, өзінің бұрынғы сыныптас құрбысын кездестірген, ол да кәмелетке толмаған. Қыздар дүкенге кіріп, «Қазақстан» коньягын және шоколад сатып алған. Өзен жағасында екеуі ішкен. Зардап шегуші масаң күйде үйіне жалғыз кеткен. Жол үстінде қыз ауылдасын кездестірген, ол қыздың масаң күйін пайдаланып, зорлаған. Бұл факті бойынша, соталды тергеу жүргізілуде, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сонымен бірге, кәмелет жасқа толмаған адамдарға алколголь өнімдерін сатқаны үшін дүкеншіге қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Кәмелетке толмаған қыздардың атпа-аналары да қыздарын мезгілсіз уақытта көшеге жібергендері үшін заң алында жауап береді.

Материалдар айыптыларды жауапкершілікке тарту үшін сот қарауына жіберілді. 

Соңғы жаңалықтар