Павлодар облысы аймақтармен іскерлік байланыстарды жолға қоюда

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының делегациясы өңір басшысы Болат Бақауовтың басшылығымен Батыс Қазақстан облысында болды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Орал қаласында болған кезінде екі өңірдің әкімдік және іскер топтар өкілдерінің кездесуі өтті, оған 30-ға тарта кәсіпорын басшылары, соның ішінде Павлодар облысының өнеркәсіп және агроөнеркәсіп секторларының 12 кәсіпорнының басшылары қатысты.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Павлодар облысының мұнай-газ өнеркәсібі және Орал қаласы сауда желілері тамақ өнеркәсібі тауарларын өткізуде үлкен әріптестік әлеуеті бар екенін атап өтті.

Болат Бақауов БҚО бизнес қауымдастығын бүгінде бірегей орналасқан, нарықтарға қолжетімді, электр энергиясына төмен бағалар орныққан, өнеркәсіп кооперациясы мүмкіндігі, инвестицияларды қолдау және қорғау жүйесі бар тартымды аймақ Павлодар облысына инвестиция салуға шақырды. Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарының кәсіпкерлері ынтымақтастық перспективаларын талқылады, павлодарлықтар «Әйнек-Сервис» ЖШС-да, «Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы» ЖШС-да және «Орал трансформатор зауыты» ЖШС-да болды.

Оралда екі облыс басшылары сондай-ақ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар