08:16, 02 Шілде 2010 | GMT +5
Павлодар облысы Баянауыл ауылында «Жас дәурен» атты сауықтыру орталығы ашылды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы Баянауыл ауылында «Жас дәурен» атты сауықтыру орталығы ашылды.

Ол облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша осы жылдың көктемінде пайдалануға берілген 600 орындық мектеп-интернат базасында құрылды.
Таулар мен көлдер , тал-теректер, таза ауа мен мектеп кешенінің ыңғайлы мекемесі балалардың демалуы үшін жақсы жағдай жасайды.
«Балаларға бұл жер ұнайтынына сенімдімін,олар Жасыбай көліне шомылып, Баянауыл тауларына серуендейді, Қаныш Сәтбаев атындағы мұражайға барып, ауданның қонақжайлылығы және қасиетті жерлерімен танысады», - дейді аудан әкімі Ернұр Әйткенов.
«Жас дәурен» орталығы алдымен облыстағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін қабылдады.