03:15, 16 Шілде 2022 | GMT +5
Павлодар облысы білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың өкімімен Самал Оспанқызы Айтқазина Павлодар облысы білім басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Самал Айтқазина еңбек жолын 1997 жылы Павлодар облысы Май ауданының Май орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады.
2011-2018 жылдары Павлодар қаласының № 25 жалпы орта білім беретін мектеп пен дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 мектеп-лицейдің директоры болып жұмыс істеді.
2018 жылдың қараша айынан қазіргі кезге дейін Павлодар қаласы білім бөлімінің басшысы лауазымында еңбек етті.