Павлодар облысы халқының ұлттық құрамы - статистика

ПАВЛОДАР. Маусымның 7-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысындағы халық саны 2010 жылдың басында 750,9 мың адамды құрады,
None
None

деп хабарлады статистика департаменті.

Аймақта тұратын халықтың 46,2 пайызы - қазақтар. Жергілікті ұл өкілдері Баянауылда - 87 пайыз, Май ауданында - 84,4 пайыз, Лебяжіде - 79,3 пайыз және Ақтоғайда 73,7 пайызды құрады.

Облыста саны бойынша екінші орында орыс ұлты тұр - 287,2 мың адам (38,3 пайыз). Олардың жалпы санының 80,5 пайызы Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында тұрады.

Украиндықтар 48 мың немесе 6,4 пайызды құрайды. Облыс аймағында 24,1 мың неміс, 15,5 мың татар, 6,4 мың беларустықтар тұрады. Молдован, шешен, ингуш, әзірбажан, башқұрт және болгар ұлтының диаспоралары 0,2 пайыздан 0,4 пайыз аралағында, басқа да ұлыстар 1,4 пайызды құрайды.

Соңғы жаңалықтар