Павлодар облысы Индустрияландыру күнінде жалпыұлттық телекөпір аясында екі жобаны таныстырады

Зауыт «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Екібастұз қаласында салынды. Мұнда 42 мыңға жуық теміржол осі мен 20 мың қос доңғалақ шығарылады. Өнім экспорталмақ.
Екінші жоба Екібастұздағы раушан гүлдерін өсірумен айналысатын жылыжай кешені. Голандиялық раушан гүлдер Павлодар мен Астанаға жеткізіліп жатыр.
Бұдан бөлек, Ә. Әбдіқадыровтың сөзіне қарағанда, павлодарлық кәсіпорындар «Риксос Президент Астана» қонақ үйіндегі «Шаңырақ» залында Қазақстанда шығарылған тауарлар көрмесіне өнімдерін қояды.
«Кэмми» ЖШС елордаға макарон өнімдерін, «Томарани» тігін фабрикасы - жейде мен көйлектер, «Қазэнергокабель» ЖШС - телефон кабелін, өнеркәсіптік жарылыстарға арналған сымдарды және «Мерусар және К» ЖШС - медициналық киім мен құралдарды жеткізеді.
Сонымен қатар павлодарлық кәсіпорындардың өнімдері «Менің үйім» және «Менің гаражым» стендтеріне қойылады. Мұнда үй құрылысындағы қазақстандық өнімдердің әлеуеті көрсетіледі. ҚР автожинақтау өндірісі ішінде «Темірмаш» павлодарлық зауыты» ЖШС таныстырылады.