Павлодар облысы кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасына жаңа басшы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов әкімдікте өткен аппараттық жиын барысында Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының жаңа басшысын тағайындады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Аталмыш лауазымға техника ғылымдарының кандидаты, соңғы төрт жыл бойы «KSP Steel» ЖШС-нің көлік жасау кешенінің директоры болған Қанат Шабенов келді.

- Сіздің алдыңызда үлкен тапсырамалар тұр, ең әуелі өңірдегі бизнес климат тұрақты болу керек, шағын және орта бизнеске инвестициялар тартылып, кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру керек. ШОБ көрсеткіштері оң динамиканы көрсетуі тиіс. Біз Сізден туристік кластерді дамытуға арналған нақты жобаларды күтеміз. Сіздің кәсіби шеберлігіңіздің арқасында жүктелген тапсырмалар абыройлы атқарылады деген сенімдемін, - деді облыс әкімі Болат Бақауов.

Қанат Шабенов Мәскеу мемлекеттік академиясын автомобиль және транспортты көлік жасау мамандығы бойынша тәмамдаған. Мәскеу мемлекеттік машина жасау институтының аспиранты. ҚР Президенті маңынан ашылған мемлекеттік басқару академиясын аяқтаған. Мансаптық жолында алты жыл облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары болып, кейін аталмыш ведомствоның басшысы атанды.

«Маған артылған үміттеріңізді ақтап, өңірдегі туризм саласының ілгері басуына үлесімді қосуға тырысамын», - деді Қанат Шабенов.

Еске салайық, осыған дейін ведомство басшысының міндетін атқарушысы болып Асхат Жармағанбетов қызмет еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар