Павлодар облысы мен Алматы азық-түлік тауарларының тікелей жеткізілімі туралы меморандумға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы мен Алматы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы азық-түлік тауарларының тікелей жеткізілімі туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Бұл импорт алмастыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ өнімді өндірушіден тұтынушыға  тікелей жеткізу арқылы тауарлардың бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.

 Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Николай Дычко бастаған Павлодар облысының делегациясы аймақаралық кооперация аясында ресми сапармен Алматыда болып қайтты. Сапар барысында аймақ әкімдігі өкілдерімен және екі аймақтың іскери ортасымен кездесу өтті. Кездесуге 50-ге жуық кәсіпорын өкілдері қатысты. Оның ішінде Павлодар облысының өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік секторының 15 кәсіпорны қатысты. Жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов Павлодар облысының Алматының сауда желілері арқылы тамақ өнеркәсібі тауарларын өткізу үшін үлкен әлеуеті бар екенін атап өтті. Ал Николай Дычко алматылық бизнес-қауымдастықты Павлодар облысына инвестициялауға шақырды.

 Бүгінгі таңда облыс инвестиция жасау үшін тартымды өңір болып табылады, өйткені өте ыңғайлы жерде орналасқан мен нарықтарға қолжетімі, төмен бағалы электр энергиясы, өнеркәсіптік бірлесу мүмкіндігі, инвестицияларды қолдау және қорғау жүйесі бар. Аймақаралық бірлесу аясында Алматының «Magnum Cash&Carry», «Рамстор», «Carrefour» сынды сауда желілері Павлодар облысының тауар өндірушілері үшін тауарларды орау және сертификаттау бойынша шеберлік сабағын өткізді. Өз кезегінде павлодарлық «Крендель» ЖШС шығаратын өнімімен таныстырды және «Крендель» брендін Алматыда алға бастыруға франшиза сатып алу мүмкіндігін ұсынды. Сонымен қатар, бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы «Бизнестің жол картасы 2020» бойынша грант иегері болып табылатын «Mirstankov» ЖШС алматылық нарыққа шығу мақсатымен металл станоктар жасау жөніндегі қызметін таныстырды. 

Соңғы жаңалықтар