Павлодар облысы онкология науқастарының саны бойынша 3 орында тұр

«Өкінішке қарай, біздің аймақ ластаушы заттардың атмосфераға шығарылуы бойынша елдегі алдыңғы орындағы облыстардың бірі екенін білесіздер. Былтыр шығарындылардың жалпы көлемі 727 мың тоннаға жуық болды.
Осы жылдың бірінші тоқсанында облыс бойынша эмиссиялар көлемі былтырғы үш аймен салыстырғанда шамамен 1% немесе 1,8 мың тоннаға қысқарды», - деді ол.
Әкімнің сөзінше, өңірдегі экология мәселесі аймақтың денсаулық сақтау жүйесін күшейтуге мәжбүр еткен.
«Біздің өңір, өкінішке қарай, онкология сырқаты бойынша 3-ші орында. Осыған орай, бұрын бізде болмаған жаңа жабдықты қолданып, ерте диагностиканы кеңейту есебінен, онкологиялық науқастардың 5 жылдық өмір сүру көрсеткішін 51%-дан 57%-ға дейін арттырылды. Сондай-ақ, биыл 16 денсаулық сақтау нысанын жөндеу мен жаңартуға 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. 2024 жылдың наурыз айында облыс орталығындағы №1 қалалық аурухананы ауқымды жөндеу жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз. 2 жылдың ішінде 15 мың ауыл тұрғынына арнап 30 жаңа медициналық нысан салу жоспарда бар. Сонымен қатар, біз биыл 37 жаңа санитарлық көлік сатып алып, алдымыздағы екі жылда көлік қажеттілігін толығымен шешеміз», - деді Павлодар облысының әкімі.