Павлодар облысы прокурорының жаңа орынбасары тағайындалды

ПАВЛОДАР. 12 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокурорының бұйрығымен әділет полковнигі Мырзакеров Бауыржан Қыпшақұлы Павлодар облысы прокурорының орынбасары болып тағайыналды.
None
None

Б.Қ. Мырзакеров 1975 жылы 7 сәуірде Жезқазған облысы Ағадыр ауданы Ағадыр селосында дүниеге келген.

1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

1997-2009 жылдар аралығында әскери прокуратура органдарында түрлі қызметтер атқарған.

2009-2013 жылдары бас әскери прокурордың орынбасары болған.

Соңғы жаңалықтар