Павлодар облысы тұрғындарынан заңсыз қаруды тапсыру мерзімі ұзартылды

ПАВЛОДАР. 2 қазан. ҚазАқпарат - Халықтан заңсыз сақталатын дәрімен атылатын қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсырып, өтеуін төлеп алу мерзімі 31 қазанға дейін, тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлады Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінен.

Павлодар облысы тұрғындарынан заңсыз қаруды тапсыру мерзімі ұзартылды

Қыркүйек айында облыс тұрғындары ІІБ-де тіркелмеген 186 қаруды, соның ішінде 33 иір ойықты мылтық және оған арналған 2429 патронды тапсырды. Барлық тапсырылған оқпанға сараптама тағайындалды.

Өз еркімен қару-жарақтарды тапсырғаны үшін биыл 16,3 млн. теңге көлемінде ақшалай компенсация бөлінді.