Павлодар облысы ТЖД-ның жаңа бастығы тағайындалды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -  Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер облыстық ТЖД-нің жаңа бастығын таныстырды.
None
None

 Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

  Владимир Беккермен кездесу барысында аймақтағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, тұрғындардың өмір тіршілігінің қауіпсіздігін қорғау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекет ету мәселелері талқыланды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғановтың қатысуымен төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен аумақтық органның қызметі және ағымдағы жылға негізгі мақсаттары бойынша жиналыс өткізілді. Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Әлібек Длимовке қызмет еткен кезеңіндегі айтарлықтай табыстарына алғысын білдіріп, жаңа басшы Абай Асқарұлы Темірбаев бұрын Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарғанын атап өтті. Мәжіліс барысында ТЖК төрағасы департаменттің тиісті бөлімшелерінің басшыларына тапсырма берді.

  Темірбаев Абай Асқарұлы - 1977 жылы 5 ақпанда Павлодар облысы Шарбақты ауданының Шалдай ауылында дүниеге келген. 1997 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің Павлодар техникалық колледжін «Өртке қарсы қорғанысын ұйымдастыру және техника» мамандығы бойынша, 2003 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қарым-қатынастар институты «заңгер» мамандығы, 2006 жылы Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс академиясын «командалық-штабтық, жедел-тактикалық азаматтық қорғау» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек өтілін 1993 жылғы тамыз айынан Шарбақты ауданы Шалдай орман-шаруашылық өндіріс кәсіпорнының химиялық қорғаныс жауынгері қызметінен бастады. 1994 -1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар техникалық колледжінің курсанты. 1998-2000 жылдары - Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің инженері, аға инженері, мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші ауысымының басшысы. 2000 - 2001 жылдары - «Өрт сөндіруші» РМК Павлодар филиалының аға инженері, кезекші ауысымының басшысы, 8-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары. 2001 - 2013 жылдары - облыстық төтенше жағдайлар басқармасының, Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің әртүрлі басшылық лауазымында қызмет атқарды.

 Владимир Беккер мәжілістен кейін Павлодар қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің алаңында құтқару бөлімшелерінің қаруына түскен жаңа техника мен құтқару құрал-жабдықтарын қарап шықты. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа иінді өрт сөндіру автокөтергіш, жер жұмыстарын жүргізуге арналған жүк тиегіш-экскаватор, әмбебап жер қазу-көліктік және жүк тиегіш-жүк түсіргіш доңғалақты машина, сондай-ақ шынжыр табанды трактордағы бульдозер, УРАЛ-4, К-703, МА-ОС2 негізіндегі фрезерлі-роторлы қар тазалағыш сатып алынды.

Соңғы жаңалықтар