Павлодар облысы жәрмеңкесінің тауарлары 15-30 пайызға арзан

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ашылған Павлордар облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде барлық тауарлар 15-30 пайызға арзан бағамен сатылып жатыр.
None
None
Мәселен, қартоп, сәбіз бен қызылша - 40 теңге, қарбыз, асқабақ пен қырыққабат - 30 теңге, жылқы еті - 1000 теңге, сиыр мен қой етінің бір келісі 900 теңгеге сатылуда. Айта кетейік, Астанадағы жәрмеңкеге облыстың 150-ге жуық кәсіпорны өз өнімдерін алып келді. Тауарлардың жалпы салмағы бір мың тоннадан асады.
Соңғы жаңалықтар