Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жаңа бастық тағайындалды

ПАВЛОДАР. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы қызметіне Қанат Қашқыров тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Қ.Қашқыров 1973 жылы Павлодар ауданында туған. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін инженер-құрылысшы-технолог және мемлекеттік басқару менеджері мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын құрылыс ұйымдарында учаске шебері болып бастады, 1999-2002 жылдары - Павлодардағы «Роса» ААҚ сауда өкілі.

2002 жылдан мемлекеттік қызметте: Павлодар қаласы көгалдандыру басқармасының бас маманы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің бас маманы, 2005-2011 жылдары мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының лицензиялау бөлімінің бас маманы, құрылыс мониторингі мен талдау бөлімінің бастығы, басқарма бастығы.

2011 жылғы қазаннан Павлодар облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры болып қызмет жасады.

Соңғы жаңалықтар