Павлодар облысында 1 мың 900-ге жуық адам «АИТВ» диагнозымен өмір сүруде

деп хабарлады облыстық Жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы (ЖИТС) орталығының маманы Жұлдыз Әжмұратова С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттеріне.
ЖОО-ның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, ЖИТС диагнозы 264 науқасқа қойылды, олардың 238-і көз жұмды.
АИТВ-ны алдын алу өзектілігін жоғалтпауда. Дәрігер жастарға АИТВ індетін алдын алу, диагностикалау және емдеу әдістері туралы айтып берді. Студенттерге иммунитет тапшылығының қауіпті ауруының алдын алу, оның пайда болу тарихы және індеттің таралу жолдары, жеке қауіпсіздік шаралары туралы бейнероликтер көрсетілді.
Ж.Әжмұратова есірткінің адам ағзасына келтіретін зияны туралы баяндай келе, АИТВ-ның таралуында ерекше орынды есірткіге тәуелді адамдар алып отырғандығын мәлімдеді.