08:29, 08 Ақпан 2011 | GMT +5
Павлодар облысында 2016 жылға қарай ет өндірісі жылына 50 мың тоннаға жеткізілмек
ПАВЛОДАР. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Елбасының Қазақстан Жолдауында қойылған экспортқа ет өнімдерін өндіру жөніндегі міндеттерді орындау үшін «Павлодар облысында ірі шаруа қожалықтарының негізінде алты бордақылау алаңын құру керек»,
деп мәлім етті кеше облыс активінде аймақ әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Өткен жылы өңірде 39,3 миллиард теңгенің 40,7 тонна мал шаруашылығы өнімдері өндірілген. Облыста асыл тұқымды мал өсіретін 43 шаруашылық құрылып, ірі қара малдың жалпы төрт түліктің құрамындағы үлес салмағы 6,7 пайызды құраған.
Әзірге облыс экспортқа мал шаруашылығы өнімдерін шығармайды. Бірақ 2016 жылға қарай шетелдерге жылына бес мың тоннадай ет өнімі жеткізілімін қамтамасыз ету үшін, облыста асыл тұқымды ірі қараның басын 8 пайызға көтеру, ет өндірісін жылына 50 мың тоннаға дейін жеткізу керек.