Павлодар облысында 29 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында «Көктемгі демалыс» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында балаларды тәрбиелеу бойынша міндетін атқарудан жалтарған 29 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Павлодар облысында 29 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын алу іс-шарасы өңір аумағындағы барлық мектепті қамтыған,  деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 Оған білім беру, денсаулық сақтау өкілдері, прокуратура органдары, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының өкілдері мен ата-аналар қатысқан. - Ішкі істер органдарына барлығы 103 кәмелетке толмаған жеткізілді. Оның ішінде 82-сі әкімшілік құқық бұзушылық, сегізі ұсақ бұзушылық жасаған және сегізі алкогольдік ішімдіктерді қолданған, - деді департаментте.

 Түнгі уақыттарда заңды өкілдердің алып жүруінсіз көңіл көтеретін орындарда табылғаны үшін 68 ата-ана, түнгі уақыттарда кәмелетке толмағандарды көңіл көтеретін орындарға кіргізгені үшін бес мекеме иесі мен 10 ата-ана жауапкершілікке тартылған. Рейдтік іс-шара барысында 372 нашар отбасы мен есепте тұрған 157 кәмелетке толмаған жасөспірімнің тұрғылықты жері тексерілді. 27 кәмелетке толмаған және 26 нашар отбасы Ішкі істер органдарының есебіне алынды.