15:09, 20 Маусым 2016 | GMT +5
Павлодар облысында 3 мыңнан астам оқушы абаттандыру жұмыстарын жүргізеді
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында қалалар мен аудандар аумақтарын абаттандыру бойынша жасақтарда жаз бойы 3 мыңнан астам жоғары сынып оқушылары жұмыс істейтін болды. Оларға ақы төлеу үшін бюджеттен 56,5 млн теңге көзделді. Бұл туралы Білім беру басқармасының басшысы Бақыт Бексейітов мәлімдеді.

Өңірде экологиялық тәрбиелеу мақсатында мектеп орман шаруашылығы қызметін жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Жаз ішінде Шарбақты, Лебяжі, Успен аудандарында 300-ден астам оқушы арамшөп жұлумен, көшет отырғызумен, орман дақылдарын күтіп-баптаумен, экологиялық десанттар мен табиғатты қорғау акцияларын жүргізетін болады.
Жазғы жұмыспен қамтудың басым бағыттарының бірі - еңбек заңнамасына сәйкес кәсіпорындарда, шаруашылық қожалықтарында уақытша жұмыс орнын ұйымдастыру. Сонымен, 2016 жылғы жаз ішінде «Нұр Отан» партиясының жәрдемімен қосымша 5109 жұмыс орнын құру (2015 жылы - 4209) жопарланған.