12:43, 11 Шілде 2009 | GMT +5
Павлодар облысында 30 адам тәтті тоқашқа уланып қалды
АСТАНА. Шілденің 11-і. ҚазАқпарат - Павлодар облысында Екібастұз қалалық инфекциялық ауруханасына шілденің 8-інен бері «инфекциялық гастроэнтероколит» диагнозымен 30 адам түсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бірінші күні ауруханаға 6 адам түссе, екінші күні (шілденің 9-ында) -7, келесі күні тағы 17 адам түскен. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, олар кондитерлік тамақтан уланған.
Мемлекеттік санитарлық-эпидемологиялық қадағалау басқармасы санитарлық-микробиологиялық зерттеу жүргізіп жатыр. Істің мән-жайы Екібастұз қаласының СЭС басқармасы мен төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының қарауында.