20:30, 28 Мамыр 2015 | GMT +5
Павлодар облысында 35 жастағы полицей өзіне қол салды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Май аудандық Ішкі істер бөлімінде 35 жастағы полицей қаза тапты, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

Марқұмның зайыбы күйеуі қызметінен үйіне келіп, өзіне қол жұмсағанын айтады. Өзіне оқ атқан жолдасының мәйітін үйдің кіре берісінен көрген ол «жедел жәрдем» шақыртқан. «Полицейдің өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп мәлімдеді Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінен. Қайғылы оқиғаға не себеп болғаны кейін хабарланады.