01:35, 07 Тамыз 2015 | GMT +5
Павлодар облысында 4 жасар бүлдіршін жоғалып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында 4 жасар бүлдіршін жоғалып кетті, деп хабарлайды 24.kz.

Тамерлан Мұхтаровты іздестіру шаралары екінші тәулікке жалғасты. Бала Ақсу қаласының жағажайында із-түзсіз кеткен. Полиция қызметкерлері оны ұрлап кетуі мүмкін деген ақпаратты жоққа шығармайды. Суда құтқару қызметінің мамандары да осы пікірмен келісіп отыр. Өйткені су түбін тінту нәтиже бермей отыр. Тамерлан үлкендермен бірге жағажайда болғанымен, кенеттен көзден таса болған. Қазір жақын аумақ пен тоғайларды тексеру шаралары жалғасып жатыр. Тәртіп сақшылары мен құтқарушыларға еріктілер де көмек көрсетуде. Баланың туғандары жергілікті халықтың бұл жағдайға бей-жай қарамай, қандай да бір ақпарат болса, полицияға хабарлауды өтініп сұрайды.