Павлодар облысында ағымдағы жылы «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 6,9 млрд.теңге бөлінді

Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Ернұр Әйткеновтің айтуынша, «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға ағымдағы жылы Павлодар облысында 6,9 млрд. теңге бөлінді.
«Бұл қаражат импорттық асыл тұқымды ірі қара сатып алуға пайдаланылады. Қазірдің өзінде «Пахарь» ШҚ» ЖШС-іден Австралиядан 1247 бас ірі қара және «Жайма» МТС» ЖШС-дан - Ресейден 500 бас мал сатып алуға өтінімдер келіп түсті, - деп атап өтті Е.Әйткенов. - «Сыбаға» бағдарламасы бойынша аналық мал сатып алуға «Алтын Асық» шаруашылығы» 6900 бас іріқара және 15 мың қой, «Құлан» бағдарламасы бойынша 2 мың жылқы сатып алмақ».
Е.Әйткеновтің хабарлауынша, тауарлы шаруашылықтарда асыл тұқымды іріқараның аналық малдарын ұлғайтуды ынталандыруға мемлекеттік қолдау көзделген. Фермерлер бір аналық малды ұстап тұру үшін 18 мың теңге, асыл тұқымды бұқа сатып алуға - 154 мың теңге алады.
Сондай-ақ өндірістің бірінші деңгейіндегі бордақылау алаңдарына бұқашықтарды өткізу нормативтері де бір басқа 15-тен 24 мың теңгеге дейін ұлғайды, бірінші деңгейдегі экспортқа бағдарланған алаңдар үшін (бір мезгілде 3000 басқа дейін дамыған инфрақұрылымдарға) 2015 жылы сиыр етін өндірісіне келісі 229-нан 300 теңгеге дейін ұлғайтылды. Е.Әйткенов бұл орайда АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда аудан әкімдері сылбыр жұмыс жасап отырғанын атап өтті. «Егер өткен жылы ауыл шаруашылығында 81 жоба жүзеге асырылса, ал биылғы жылдың басынан әзірге тоғызы ғана жүзеге асырылған. Екібастұз, Павлодар, Железин, Павлодар, Өспен, Шарбақты аудандарында бірде-бір инвестициялық жоба қолға алынған жоқ.
Кеңесті қорытындылай отырып, облыс әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов қала және аудан әкімдеріне және ауыл шаруашылығы басқармасына әр ауданда кемінде екі инвестициялық жобаны жүзеге асыруды тапсырды.