08:22, 15 Ақпан 2013 | GMT +5
Павлодар облысында автобус пен 3 көлік қар құрсауынан шығарылды, 30 адам құтқарылды
АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Баянауыл ауданында кеше сағат 14.45-те 14 жолаушы (оның ішінде бала бар) мінген автобус қар құрсауында қалып қойды.

Аудандық ТЖБ-нің күшімен (2 адам мен 1 техника) автобус жолдың тазартылған учаскесіне шығарылып, Екібастұз қаласына аттандырылды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.
Кеше сағат 23.03-те аталмыш ауданда, Аққөл ауылының маңында 3 жеңіл көлік пен 16 адам қар құрсауында қалып қойды. Екібастұз қаласы бойынша Шұғыл құтқару қызметінің күшімен (2 адам мен 1 техника) көліктер жолдың тазартылған учаскесіне шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.