Павлодар облысында байыту фабрикасы іске қосылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар облысында 500 тонна байытылған кен, 26 тонна жезді флотоконцентрат өндіретін байыту фабрикасы ашылды. Құрылысты «Fonet Er-Tai AK MINING» ЖШС салды. Индустрияландыру картасының нысанын пайдалануға беру рәсіміне өңір әкімі Қанат Бозымбаев қатысты, деп хабарлады облыс басшысының баспасөз қызметінен.
None
None

Жобаны іске асыруға 2,7 млрд. теңге жұмсалды. Бәсекеге қабілетті жезді концентратты Қазақстанның ішкі және сыртқы нарықтарына шығарып, өткізу жоспарлануда.

Өңір басшысы байыту фабрикасының «Аяқ-Қожан» кен орнына жақын орналасқанын артықшылықтардың біріне жатқызды. Бұл кен тасымалдау шығындарын едәуір азайтуға, кен орнының экономикалық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

«Биылғы жылғы қыркүйекте бұл жерде жез шығаратын зауыт іске қосылған. Бүгін оның қатары жезді кен байыту фабрикасымен толықты. Бұл ҮИИД мемлекеттің бағдарламасын іске асыру барысында жүзеге асты, деп атап өтті Қ. Бозымбаев. - Павлодар облысы елді индустрияландыру бағдарламасының белсенді қатысушысы болып табылады. Өңірде 87 жоба іске асуда, оның 63-і ойдағыдай жұмыс істеуде, өнеркәсіп секторын дамытуға елеулі үлес қосуда».

Осы жылы Индустрияландыру картасы жобаларының өнімі облыс өнеркәсібінің жалпы көлемінде 13,6 пайызды құрайды.

ҮИИД-ның екінші бесжылдығы шеңберінде 19 жоба іске асырылмақ, оған инвестиция көлемі - 1,1 трлн теңге болса, 5 мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар