09:03, 29 Қазан 2009 | GMT +5
Павлодар облысында бір адам Ертіс өзеніне батып кетті
АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Ақтоғай ауылында Ертіс өзенінің бетіндегі жұқа мұз үстімен өту барысында бір азамат суға кетіп, опат болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Сәрсенбі күні сағат 16:00-де Ертіс өзенінің бетіне қатқан жұқа мұздың үстімен өту барысында 1959 жылы туған азамат өзенге батып кетті. Адамның денесі судан құтқару қызметінің күшімен шығарылды.