13:10, 10 Шілде 2016 | GMT +5
Павлодар облысында бір айдың ішінде көкөніс қымбаттап, жұмыртқа бағасы төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маусым айының қорытындысы бойынша Павлодар облысында көкөніс қымбаттап, жұмыртқаның бағасы төмендеген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес өткен айда тұтынушылар бағасының көрсеткіші 100,4 пайызды құрады. Ал азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар көрсеткіші 100,6 пайыз, ақылы қызмет - 100 пайызға жетті. Нан мен жарма өнімдері 0,8 пайызға қымбаттаса, картоп бағасы 1,5 есеге, сәбіз - 11,8, қызылша - 9,9 пайызға өскен. Десе де, қырыққабаттың құны 0,7 пайызға, жұмырқа - 15 пайызға арзандады. Айта кетерлігі, азық-түлікке жатпайтын тауар нарығында фармацевтикалық өнім - 1,6 пайызға, аяқ киім мен киім 2,1 пайызға жоғарылаған.