11:15, 12 Ақпан 2011 | GMT +5
Павлодар облысында бір жыл ішінде 63 спорттық нысан іске қосылды
ПАВЛОДАР. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданатын азаматтардың саны 162 мыңға дейін артты, деп хабарлады дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Спорттық нысандардың саны бір жылда 63-ке артты - барлығы спортшылар үшін облыста 3152 нысан бар. «Жол картасы» бойынша өткен жылы сегіз спорт кешені жөндеуден өткізілді, мұнда түрлі спорт түрлерімен шұғылдануға, жарыстар мен дене шынықтыру мереклерін өткізуге барлық жағдайлар жасалған. Дене шынықтыру қызметкерлерінің саны 120 адамға көбейтілді, оның 88-і ауылдық өңірлерде әдіскерлер болды.
Қазіргі күні аймақта 22 федерация түрлі спорт түрлерін дамытумен белсене айналысуда.