Павлодар облысында бірде-бір елді мекенге су тасқыны қауіп төндіріп тұрған жоқ - әкімдік

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында еріген қар суының тасып, республикалық маңызы бар тасжолдарға жайылуының төрт фактісі тіркелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Павлодар облыстық ТЖ департаментінің ресми дерегі бойынша, еріген қар сулары Май ауданында Ленинск-Ақсу-Үлкен Ақжар тасжолы арқылы, ал Баянауыл ауданында Ульяновск - Керней - Қалқаман тасжолы арқылы үш учаскеде ағып өтуде. «Бұған қарамастан, барлық ауылдарға баратын мүмкіндік жасалған», - деп хабарлады Павлодар облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Су тасқыны тіркелген жерлерге қосымша күш пен техника тартылды. Құтқарушылар атап өткендей, қазір ешбір елді мекенге су тасқынының сыртқы қаупі төніп тұрған жоқ.  Өңірлік әкімшіліктің хабарлауынша, кейбір ауылдардағы еріген  судың тасу себебі - сол елді мекендерде қарды шығарып үлгермеген. 

Соңғы жаңалықтар