Павлодар облысында бірқатар жаңа әкімдер тағайындалды
Қайрат Теміршотұлы 1970 жылдың 15 қыркүйегінде Палодар облысының Железинский ауданының Захаровка ауылында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. Сібір мемлекеттік автомобиль-жол академиясын, П.А.Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университетін бітірген, экономист және ғалым-агроном біліктіліктеріне ие.
Қ.Нүкеновтің шағын және орта бизнес кәсіпорындарында шаруашылық және басқарушылық жұмыстарда, мемлекеттік басқару органдарындағы тәжірибесі мол. Ол еңбек жолын Железинский ауданының «Железинский» кеңшарының №2 бөлімінде жұмысшы болып бастады. 1992 жылдан шағын және орта бизнес кәсіпорындарын басқарды. 2012 жылы Павлодар облысының Железинский ауданының әкімі болды. Тағайындауға дейін Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы қызметінде болды.
Депутаттар бірауыздан ұсынылған кандидатураны қолдады. Актив барысында облыс әкімі Қанат Бозымбаев жаңа қала әкімінің алдында Ақсудың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірінші кезектегі міндеттерді қойды.
Сонымен бірге, ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімен Павлодар облысы әкімінің бұйрығымен Май және Ақтоғай аудандарының жаңа әкімдері тағайындалды.
Май ауданының әкімі болып Бегзия Зейноллақызы Ысқақова тағайындалды.
Бегзия Зейноллақызы 1961 жылы 4 ақпанда Ресей Федерациясының Нововаршавский ауданының Ермак ауылында туған. 1985 жылы Павлодар педагогикалық институтын бітірген, орыс тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі.
Еңбек жолын Павлодар облысының Красноутский мектеп-интернатының тәрбиешісі болып бастады. 1987-2002 жылдар аралығында Красноутский ауданының білім беру саласында жұмыс істеді: Шідерті орта мектебі директорының орынбасары, Ақтоғай орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті мұғалімі, Абай атындағы орта мектептің директоры болды.
2002 жылдан мемлекеттік қызметте: Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары, Ақтоғай ауданының білім беру бөлімінің бастығы болды. Тағайындауға дейін Ақсу қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды.
Сондай-ақ Ақтоғай ауданының әкімі болып Серік Барлыбайұлы Батырғожинов тағайындалды.
Батырғожинов С.Б. 1964 жылы Павлодар облысының Ертіс ауданының Котельниково ауылында дүниеге келген. 1993 жылы «Агрономия» мамандығы бойынша Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, 2004 жылы «Заңгер» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірді.
Еңбек жолын 1982 жылы Голубовкий кеңшарының №1 бөлімінде шопан көмекшісі болып бастады, кейін Голубовкий кеңшарының бас агрономы болды. Сонымен бірге, «Беловодский ХПП» АҚ, «Сембат» ЖШС, «Иса Байзақов атындағы» ЖШС, «Алтыншы ауыл» тауарөндірушілер қауымдастығы» ЖШС басқарушы қызметтерді атқарды. Қашыр ауданы әкімінің бірінші орынбасары, ауданның ауыл шаруашылығы департаментінің басшысы, кейін Қашыр ауданының әкімі болды. Тағайындауға дейін Ертіс ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды.