08:41, 05 Қаңтар 2010 | GMT +5
Павлодар облысында биыл да мектептер мен ауруханалардың құрылыстары жалғасады
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында биыл да мектептер мен ауруханалардың құрылыстары жалғасады.

Ертіс ауданындағы Иса Байзақов атындағы ауылдағы ескі мектепті жаңа білім ошағы алмастырады. Жаңа мектептің құрылысына облыстық бюджеттен 316 миллион теңге қаржы бөлінген, деп хабарлады экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан.
Ал Павлодарда істен шығарылған ғимараттың орнына №16 мектептің оқу корпусы тұрғызылады. Сондай-ақ облыс орталығында, Екібастұз және Ақсу қалаларында бір-бірден - үш жаңа балабақша салу жоспарланып отыр.
Көп құрылысшылар Екібастұздағы отын-энергетикалық кешен кадрларын дайындау орталығын салуға жұмылдырылғалы отыр. Ал Павлодарда кардиологиялық орталықтың құрылысы жалғасын табады.