Павлодар облысында борышкерлерге коммуналдық төлемдерді төлету бойынша айлық жүріп жатыр

ПАВЛОДАР. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Павлодар облысының сот актілерін орындау бойынша департаменті жеке және заңды тұлғаларды коммуналдық төлемдерді төлету бойынша айлық өткізіп жатыр,
None
None

деп хабарлады аталмыш мекеменің баспасөз қызметінен.

 Шараның 20 күнінің ішінде борышкер болған 10,9 адамның тек 1 548-і ғана қарыздарын өтеді. Бүгінде әрбір сот орындаушысының мойнында қарыздарды төлету бойынша 800-ден астам сот шешімдері бар. Айлық күндері олар бірыңғай кесте бойынша коммуналдық кәсіпорындардың жұмыскерлерімен бірлесе жұмыс істеуде.

 ҚР «Орындаушылық өндіріс пен сот орындаушыларының мәртебесі» Заңымен борышкердің ел аумағынан шығуына шектеу салу, қарызгер мүлкін қамау және іске асыру, жалақысы арқылы төлету, заң арқылы жауапкершілікке тарту амалдары қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар