Павлодар облысында «Браконьер» операциясы аяқталды

ПАВЛОДАР. 14 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - 1-10 қараша аралығында Павлодар облысында өткізілген жедел-алдын алу операциясы барысында полицейлер мен табиғат қорғау инспекциясының қызметкерлері, 104 жедел топ өкілдері 827 рейд жүргізді,
None
None

деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Табиғат заңнамасын бұзудың 388 фактісі анықталды, оның ішінде 30 - ағаштарды заңсыз кесу, 119 - заңсыз аң аулау фактісі, 103 - балық аулау ережесін бұзу оқиғасы, биологиялық ресурстарды заңсыз шығару және тасымалдау тіркеліп, аңшы қаруын ұстау және тасымалдау ережесін бұзған 132 азамат анықталды.

52 шаршы метр орман ағашы, 709 келі балық, 13 бірлік еш жерде тіркелмеген тегіс ұңғылы атыс қаруы тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар