Павлодар облысында екі қырғызстандық жол апатына ұшырады
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында жол шетінде тұрған жүк көлігіне соғылған машинада болған екі қырғызстандық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«22 қараша күні сағат 23.30-да Павлодар-Нұр-Сұлтан тас жолында «Кочевник» дәмханасының алдында Қырғыз Республикасының 29 жастағы азаматы жол қозғалысы ережесін бұзып, автокөлігімен жол жиегінде тұрған «HOWA» жүк көлігіне келіп соғылған», - деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Салдарынан жарақат алған Қырғызстан азаматтары, бір жүргізуші мен жолаушы ауруханаға жеткізілді.
«Оқиғаның мән-жайы тексерілуде», - деді тәртіп сақшылары.
Авторы Антон Гагарин