08:57, 09 Шілде 2010 | GMT +5
Павлодар облысында есірткіге байланысты қылмыс саны артып келеді
ПАВЛОДАР. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында бес ай шінде 132 есірткі қылмысы тіркелген,

бұл - былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21 пайызға артық, деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы тіркеулер жөніндегі комитет басқармасы.
Есірткі сатуға байланысты қылмыстың саны былтырғы 53-тен 73-ке дейін өсіп, 37 пайызға артқан.
Өткен жылмен салыстырғанда есірткіге елтіген күйінде жасалған қылмыстың саны 21-ден 33-ке дейін өскен. Есірткі заттарын қолданған соң көлік жүргізген жүргізушілер саны 96-ға жетті.
Павлодар облысының бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша есірткі заттарын заңсыз пайдаланған 4 379 адам тіркеуде тұр. Олардың 335-і - әйел, 78-і кәмелеттік жасқа толмаған балалар.