09:55, 03 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Павлодар облысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облыстық департаментінің қызметкерлері есірткінің ірі партиясын тәркіледі.
Новосібір бағытындағы тас жолда олар Қырғызстаннан Ресейге кетіп бара жатқан шетелдік мәшинені тоқтатады.
«Автомобильді тыңғылықты тексеру кезінде ғана металдан жасалған жасырын контейнер табылды. Қалталарға салынған, құны жарты миллион болатын 38,5 килә есірткі тәркіленді», - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаменті тергеу бөлімінің бастығы Қайыржан Қамзаев.
Қырғызстан азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.