Павлодар облысында халық санағы қортындыланды

ПАВЛОДАР. Наурыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ұлттық халық санағының алдын ала қорытындысы бойынша Павлодар облысында тоғыз күн ішінде 729 512 адам сауалнама парағын толтырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бұл халықтың есеп санының 99 пайызына сәйкес», - дейді санақты өткізуге ықпал ету жөніндегі облыстық комиссия төрағасының орынбасары Мұхамеджан Өтегенов. Жергілікті ұлт тұрғындары 47,7 пайызды құраған. Қалған ұлттардың пайыздық көрсеткіші барлық материалдар өңделгеннен соң белгілі болады. Алынған мәліметтерден анықталғаны, аймақта 100 жастан асқан 23 қарт бар. Олардың 2-еуі ер адам, қалған 21-і - әйелдер, жасы 109-дан асқан қария да бар. Ең көп балалы отбасы, Павлодарда тұратын Капура Смыкова 1939 жылы туған, 16 баланың анасы. Ол - 32 немере мен 3 шөберенің әжесі. Тәртіп бойынша, санақ біткенен кейін де қайта аралап, бақылап шығу үшін 10 күн мерзім қарастырылған. Осы уақыт ішінде барлық тұрғындары санақтан өтпеген, немесе парақтарды тексеру кезінде күдік туындатқан жекелеген мекен-жайлар қайта тексеріледі. Мұхамеджан Өтегеновтың сөзіне қарағанда, тұрғындардың басым бөлігі мемлекеттік науқанның маңыздылығын түсіне отырып, санақшыларға оң қабақ танытқан. Санақ Павлодар облысында табысты өтті.
Соңғы жаңалықтар