Павлодар облысында картоп бағасы қымбаттамайды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында қысқы маусымда келесі өнім жинағанға дейін картоп бағасы тұрақты болады, деп хабарлады ауыл шаруашылығы басқармасында.
None
None

Көкөніс стататын бөлімде сатып алушыларға 45-тен 55 теңге аралығында бірнеше сұрыпты картоп сатыладын. Басқарма мамандары биыл өнім мол болғанын атап өтті, 420 мың тонна картоп, 190 мың тонна көкөніс жиналды. Облыстың тұрақтандыру қорына әлеуметтік дүкендерге сату үшін 10 мың тонна картоп қойылды. Өңірде талапқа лайық көкөніс сақтайтын қойма салынды, ол өнімді ұзақ уақыт сапалы сақтауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта сатуға орташа бағасы 40 теңгеден 50 мың тоннадан астам картоп, 15 мың тонна сәбіз дайын.

Соңғы жаңалықтар