Павлодар облысында қазақ тілін үйренушілердің қатары жыл сайын көбейіп келеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл - өткен жылдағы көрсеткіштен 1 мыңға артық, дейді тілдерді дамыту басқармасының бастығы Талғат Әбілқасымов. Қазақ тілінің танымалдығы өсіп келеді - тілді үйренуге үлкен жастағы адамдардың да ықыласы артып отыр.
Барлық ауданда мемлекеттік тілді үйренуге жағдай жасалған. Павлодардағы «Ана тілі» орталығында өтетін тегін курстарға 275 адам қатысады. «Қазақтелекомның» павлодарлық филиалында да мемлекеттік тілге үлкен назар аударылып отыр. «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамының, Ақсу ферроқорытпа зауытының, Павлодар мұнай-химия зауытының жұмысшылары да қазақ тілін үйренуде. Павлодар мемлекеттік және Инновациялық Еуразиялық университеттерінде де курстар ашылған.
Ата-аналар балаларын қазақ тілді балабақшаларға ықыласпен апара бастады, мемлекеттік тілдегі мектептерде өзге ұлттардың 600 баласы білім алуда, жоғары оқу орындарының қазақ топтарында да өзге ұлт өкілдерінің жүзден астам студенттері білім алуда.