Павлодар облысында Қазақстанның халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың мерейтойлық көрмесі ашылды

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Кеше Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Қазақстанның халық суретшісі, режиссер-қоюшы, кино актеры әрі хореограф Әубәкір Ысмайыловтың 100 жылдығына арналған мерейтойлық көрме ашылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Көрменің ашылуына суретшінің отбасы, павлодарлық суретшілер, облыстық зиялы қауым, өңір басшылығы мен мемлекеттік органдардың басшылары шақырылды.

Көрмеге Павлодар облыстық көркемсурет музейінің, Назарбаев орталығының қорындағы және Ә. Ысмайыловтың отбасындағы суретшінің қолынан шыққан 43 туынды қойылған. Олар негізенен асқар таулар мен ұшы-қиыры жоқ жазық дала, суретшінің туған жер мен туған ел туралы ойы бейнеленген 30 акварельді жұмыс болып табылады.

Өңір басшысы атап өткендей, Қазақстан халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың шығармашылық биографиясы ұрпақтар байланысын көрсетіп тұрғандай. Ол өскелең ұрпаққа өткеннің ұлылығы мен сұлулығын, тарихи мұраның маңыздылығын жеткізе білді.

Бұл көрме ұлы қазақ суретшісін еске алып, оның ұлттық рухани мәдениетке қосқан үлесі үшін көрсетілген құрмет болып табылады. Әубәкір Ысмайыловтың асыл мұрасы қазақ көркем өнерінің «алтын қорына» енді.

Павлодар облыстық көркемсурет музейінде суретшінің 31 шығармасы сақталған.

Көрме осы жылғы 20 қарашаға дейін жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар