Павлодар облысында кейбір азық-түлік бағасы тұрақтандырылады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қаланың азық-түлік саудалайтын төрт дүкенді аралап, бағаларды қарап шықты.

Әсіресе, облыс басшысы қанттың бағасына баса назар аударды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz. Мысалы, Кутузов көшесіндегі Павлодар ауданына қарасты «Жұлдыз» әлеуметтік дүкенінде шекердің келісі 250 теңге тұрады. Бұл ретте, облыс әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары Нұржан Әшімбетов дүкен иелеріне аталмыш тауар түрін Қамзин көшесінде орналасқан «Смолл» көтерме-бөлшек дүкенінен 215 теңгеден сатып алуды ұсынды.  
"Қала бойынша бағаларды қарап шығу керек. Әр әлеуметтік дүкенде азық-түліктің атауы мен бағасы жазылған стендтер болуы тиіс. Егер де әлеуметтік дүкендер бағаны көтеріп жіберсе, олардың маңдайша жазулары алынатын болады", - деді облыс әкімі. Ең арзан нан «Арзандау» дүкенінен табылды. Мұнда «Зинченко» ЖК 560 грамдық бөлкені 55 теңгеге сатады. Сондай-ақ, әкім күніне 110 теңгеден 300 литр сүт саудалайтын Лермонтов көшесіндегі «Успенский» дүкеніне барып қайтты. Қолжетімді бағамен өндірілетін шұжық, ірімшік, ет консервілері және литрі 320 теңге құрайтын арзан күнбағыс майын «РЭГ-тайм» ШҚ ұсынады.  Бұдан басқа, Нұржан Әшімбетов ертеңнен бастап пияздың бағасы төмендейтінін айтып кетті. - Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында 150 тонна пияз бар. Дүкендердегі пияздың бағасы - шамамен 45 теңге. Алдағы уақытта сауда нүктелерінде аталмыш көкөніс түрі бұдан да арзан бағамен жеткізіледі, - деді Н.Әшімбетов.   

Соңғы жаңалықтар
telegram