Павлодар облысында консервіленген балық өнімдерін дайындау жоспарланып отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Май ауданындағы «Ақжар-Өндіріс» серіктестігі алдағы уақытта консервіленген балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр, деп жазады saryarka-samaly.kz.
None
None

Кәсіпорында жаңа жұмыс орындары ашылып, өндірістік қуаттылығы арта түспек. Кәсіпорын басшылығының айтуынша, бүгінде Баянауыл ауданындағы «Болашақ» шаруа қожалығынан 500 тонна балық сатып алу жөнінде келісімшарт жасалған. Сондай-ақ, Май ауданындағы су қоймасынан аптасына 100 келіге жуық балық жеткізілмек.

Естеріңізге сала кетсек, аталған серіктестік өз жұмысын консерві дайындау, тері өңдеу және асфальт зауытын құрастырудан бастаған-ды. Кейін Көктөбе ауылынан бірнеше шақырымдық жерде қараусыз қалған ескі қора-жайды қайта жабдықтап, жылқы асырауға кірісті. Қымыз дайындау цехы құрылып, бүгінде өнім көршілес елдерге жөнелтілуде.
Тағы бір атап өтерлігі, соңғы кезде «Ақжар-Өндіріс» ЖШС-ның бұқтырылған сиыр етіне сұраныс артқан. Нақтыласақ, көрші Ресейден 20 мың тонна өнімге тапсырыс түскен. Сұранысты қамтамасыз ету үшін мал санын көбейту мақсат етілді.

Соңғы жаңалықтар