11:04, 07 Ақпан 2009 | GMT +5
Павлодар облысында құны 212 млрд. теңгенің серпінді жобалары жүзеге асырылуда
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Ақпанның 7-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында құны 212,4 миллиард теңге тұратын төрт серпінді макрожоба жүзеге асырылуда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Металл алюминий шығаратын электролиз зауытында құрылыстың екінші кезегі жалғастырылуда, онда 1500 адам жұмыс жасап жатыр. Жағдай тұрақты, проблемалар жоқ.Павлодардағы серпінді жобалардың бірі ? жылына 400 мың тонна кальций содасын шығаратын зауыт. Оның құрылысы жылдың екінші жартысында басталады, онда мыңға жарымға жуық адам жұмыс істейді. Оны пайдалануға беру 2011 жылға белгіленіп отыр. Көмір өндірушілер мен энергетиктер қаласы ? Екібастұзда ГРЭС-2 үшінші энергоблогының құрылысы басталады.