08:46, 24 Маусым 2010 | GMT +5
Павлодар облысында «күйдіргімен» ауруханаға түскендердің саны сегіз адамға жетті - ТЖМ
АСТАНА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат - Павлодар облысында «күйдіргімен» ауруханаға түскендердің саны сегіз адамға жетті.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.
«Маусымның 23-і сағат 18.30-дағы жағдай бойынша ауруханаға 8 адам түсті (4 - науқас, 4 - олармен байланыста болғандар)», делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай, маусымның 20-сы күні Мемлекеттік санэпидқадағалау департаментінен: «маусымның 19-ы түнгі сағат екі жарымда Павлодар облысының Ақсу ауданына қарасты Ребровка және Қаракөл ауылдарынан «күйдіргі» жұқтырды деген қауіппен төрт адам ауруханаға жеткізілді» деген хабар түскен болатын.
Маусымның 21-і күні ауруханаға оқшауланғандардың саны жеті адамды құрады. Олардың ішінде 40 жастағы азамат пен 44 жастағы әйел ауруханада көз жұмды.